1 шілдеде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген тарихи күнде елімізде 857 нәресте өмір есігін ашты, деп хабарлайды «24KZ».
Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 435-і – ұл, ал 422-сі – қыз бала. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында екі егіз сәби дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен балалардың жағдайы жақсы, олар білікті мамандардың бақылауында.
Әрбір жаңа өмір – елдің жарқын болашағының кепілі. Мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңі басталған айтулы күн жүздеген қазақстандық отбасы үшін қос қуаныш сыйлаған ерекше сәтке айналды, — дейді сала мамандары.
Айта кетейік, ел тарихындағы маңызды саяси оқиғамен тұспа-тұс келген бұл күн көптеген әулеттердің шежіресінде алтын әріптермен жазылып қалмақ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Жаңа Конституция #сәбиPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz