Қазақстанда азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі мен төленген жарналар туралы ақпарат алу тәртібі жеңілдетілмек, деп хабарлайды «24KZ».
Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер әзірледі. Жаңа жоба азаматтарға сақтандыру мәртебесі, сақтандырылған кезеңдері, сондай-ақ олардың пайдасына төленген жарналар мен аударымдар туралы мәліметтерді қолжетімді етуге бағытталған.
Ақпаратты азаматтар eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн ала алады. Бұл үшін мемлекеттік органдарға барудың қажеті болмайды.
Қазіргі уақытта МӘМС жүйесіне 17,5 миллион азамат қатысады. Сақтандырылған тұрғындар медициналық консультациялардан бастап, диагностика, стационарлық көмек, оңалту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты бірқатар медициналық қызмет түрлерін ала алады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #МЭМС #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz