Аптап ыстық алматылықтарға ауыр тиіп жатыр. Шілденің алғашқы екі аптасында-ақ 33 мыңнан астам адам жедел жәрдем қызметіне жүгінген.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, азаматтарда артериялық қан қысымы, жүрек-қан тамырлары аурулары және миокард инфаркті дерегі көбірек тіркелген. Қазір қаладағы емханаларда созылмалы ауруы бар науқастар диспансерлік бақылауға алынды. Дәрігерлер ауаның жоғары температурасы әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге және қарт адамдарға қауіпті екенін айтады. Сондықтан тұрғындарды күндіз сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін күннің астында ұзақ тұрмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге және күн астында бас киім киюге шақырады. Қажет болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Тегтер #аптап ыстық #Жедел жәрдем #АлматыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz