RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қайтыс болған донордың жүрегі науқасқа сәтті трансплантацияланды

17.07.2026, 14:33 54

Астанада қайтыс болған донордың жүрегін трансплантациялау операциясы сәтті жасалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Астана қаласындағы «Көпбейінді медицина орталығында» әлеуетті донор анықталған. Донордың отбасы келісім бергеннен кейін ағзаны алу және трансплантациялау үдерісі ұйымдастырылды.

Операцияға University Medical Center (UMC) трансплантологтар тобы қатысты. Мамандар 1966 жылы туған пациентке жүрек трансплантациясын сәтті жасаған. Қазір науқастың жағдайы операциядан кейінгі кезеңге сай тұрақты бақылауда.

Денсаулық сақтау министрлігі донордың отбасына маңызды шешімі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ донорлық үдерісті ұйымдастырған мамандардың, дәрігерлер мен санитариялық авиация қызметкерлерінің еңбегін атап өтті.

Қазақстанда бүгінде өмірлік маңызды ағзаларды трансплантациялауды 4 739 адам күтіп отыр. Оның ішінде 125-і – балалар. Ресми мәлімет бойынша, 4 208 пациентке бүйрек, 293 адамға бауыр, 208 адамға жүрек, 30 адамға өкпе және 5 адамға жүрек-өкпе кешенін ауыстыру қажет.

Мамандардың айтуынша, қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға берілген әрбір келісім трансплантацияны қажет ететін науқастарға жаңа өмір сыйлауға мүмкіндік береді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz