Елде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынды.
Атап айтқанда, 160 дәрігерлік амбулатория, 260 медициналық және 235 фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді. Қазір олардың 648-і аудандық ауруханалардың балансына тапсырылып, 637 нысан медициналық қызмет көрсетуге лицензия алды. Ал 32 аурухана заманауи ауданаралық көпбейінді орталық ретінде бейімделді. Олар компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ангиограф сынды заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталды. Қазір 10 мекемеде құрылыс жұмыстары аяқталып, 21 нысан жаңғыртылып жатыр.
Тегтер #медициналық нысан #ұлттық жоба #амбулаторияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz