Алматыда SOS батырмасы бар алғашқы телемедициналық көмек көрсету модулі іске қосылды.
Енді өзін жайсыз сезінген немесе жарақат алған жағдайда тұрғындар SOS батырмасын басып, жедел жәрдем диспетчерімен байланыса алады. Медицина қызметкері модульді қашықтан ашып, аудио және бейнебайланыс арқылы адамның жағдайын бағалайды. Әрі жедел жәрдем келгенге дейін қажетті нұсқау береді. Пункттің ішінде дефибриллятор, жарақаттарды өңдеуге керек заттар бар. Жедел коронарлық синдром кезінде көмек көрсетуге арналған медициналық бұйымдар, брезент көрпе және тот баспайтын болаттан жасалған медициналық төсек орналасқан. Сонымен бірге модуль үздіксіз интернет, бейнебақылау камерасы, ақпараттық дисплей және қашықтан басқарылатын телемедициналық кешенмен жабдықталған. QAMQOR SOS модулінің жаңадан ашылған Flow Park аумағында орналасуы да бекер емес. 1 маусымнан бері жедел жәрдем қызметіне осы саябақтан 20-дан аса шақырту түскен. Алдағы уақытта заманауи цифрлы модульді қаладағы адам көп жүретін басқа да қоғамдық орындарға орналастыру жоспарланып отыр.
Тегтер #Алматы #Телемедицина #SOS #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz