Елде адам папиллома вирусына қарсы 502 мыңнан астам екпе жасалды. 11-13 жастағы қыздардың 272 мыңы вакцинаның бірінші дозасын, 180 мыңға жуығы екінші дозасын қабылдады.
Сонымен қатар 14-17 жастағы 51 мыңға тарта жасөспірім алғаш рет екпе салдырды. Қазір медициналық ұйымдарда төрт валентті «Гардасил» вакцинасының 160 мың дозасы бар. Оның 70 мыңы өңірлік қоймаларда, 90 мыңы медициналық ұйымдарда сақтаулы. Алдағы уақытта «Гардасил-9» вакцинасының алғашқы қоры жеткізіледі.
Тегтер #денсаулық сақтау #Денсаулық #АВП #екпе #папиллома вирусы #папиллома #медицина #вакцинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz