Астанада мүгедектікті анықтау және әлеуметтік қолдау алу процесі бір жүйеге біріктіріледі. Енді азаматқа бірнеше мекемеге барып, мемлекеттік жүйелерде бар құжаттарды қайта-қайта жинаудың қажеті азаяды, деп хабарлайды «24KZ».
Жаңа тәсіл бойынша медициналық ұйымдар, медициналық-әлеуметтік сараптама және әлеуметтік қорғау органдары қажетті мәліметтерді өзара электронды түрде алмасады.
Енді бұл тәсіл өзгеріп, мемлекеттік қызметтер азаматтың нақты өмірлік жағдайына қарай ұйымдастырылады. Бірыңғай маршрут мүгедектікті белгілеу қажеттілігі туындаған кезден бастап тиісті әлеуметтік қолдау шараларын алғанға дейінгі процесті қамтиды, – деді Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Ләззат Сартымбетова.
Сараптаманың бір бөлігі сырттай-проактивті форматта жүргізіледі. Бұл әсіресе өздігінен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолайлы. Биыл елордада көрсетілген 10 466 медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің 5 418-і осы форматта ұсынылған.
Азаматтар мемлекетте бар құжаттарды қайта ұсынуға міндетті емес. Медициналық тексерулер, стационардан алынған үзінді көшірмелер және диагностикалық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтер ведомстволар арасында автоматты түрде берілуі мүмкін, – деді Ләззат Сартымбетова.
Айта кетейік, 2026 жылғы 25 тамыздағы мәлімет бойынша, Астанада 43 403 мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде 12 985-і – 18 жасқа дейінгі балалар.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Астана #мүгедектікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz