Қазіргі медицина инфаркт алған адамдарды сәтті емдеп, олардың белсенді өмірге оралуына толық мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласында жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдіс-тәсілдері пайда болып жатыр. Алматыда Қазақстанның интервенциялық кардиологтары мен эндоваскулярлық хирургтары қоғамының 14 конференциясы өтті. Жиынға қазақстандық дәрігерлермен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Еуропа, Азия мен Қытайдан жетекші мамандар келді. Қатысушылардың айтуынша, мұндай басқосулар тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды меңгеруге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Басты мақсат – жүрек ауруларынан болатын өлім-жітімді азайтып, заманауи медициналық көмекті барынша қолжетімді ету. Конференцияда теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілді. Яғни дәрігерлер Алматы кардиологиялық орталығында жасалып жатқан операцияны тікелей эфирде көріп, күрделі клиникалық жағдайларды емдеу бойынша пікір алмасты.
Оразбек Сахов, Қазақстан интервенциялық кардиологтар қоғамының президенті:
- Қалалық кардиологиялық орталықтан тікелей трансляция жасап, өте күрделі 3 операцияны көрсететін боламыз. Біреуі – митралды қақпақшаны қалпына келтіру, екіншісі аорталды қақпақшаны толығымен ауыстыру, үшіншісі қан тамыры өте бітелген адамда сол тамырды қалпына келтіру. Бұлардың барлығы отасыз, яғни кеудені ашпай жергілікті жансыздандыру арқылы жасалады. Оның ерекшелігі науқас өз яғымен тұрып жүріп кете беруіне болады.
Тегтер #медицина #инфаркт #ДенсаулықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz