RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

eGov-та шұғыл ауруханаға түскен жағдайда жақындарына хабар беретін сервис іске қосылды

02.09.2026, 17:12 38

eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында адам шұғыл түрде ауруханаға түскен жағдайда жақындарына хабарлама жіберетін жаңа тегін сервис іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Енді жол-көлік оқиғасына ұшыраған, денсаулығы кенеттен нашарлаған немесе басқа да себеппен ауруханаға түскен адам өздігінен жақындарына хабарласа алмаған жағдайда, алдын ала таңдаған адамдары оның емдеуге жатқызылғаны туралы ақпарат ала алады.
Ол үшін eGov-та «Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу» қызметі іске қосылды. Пайдаланушы үш сенім білдірілген адамға дейін көрсете алады.
Сенім білдірілген адам 18 жастан асқан және Мобильдік азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.

Қалай тіркелуге болады?

eGov.kz порталында:
•    порталға авторизациядан өту;
•    «Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу» қызметін таңдау;
•    сенім білдірілген адамның ЖСН-ын көрсету қажет.
Одан кейін пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге және денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді беруге келісімін растап, сұрау жібереді.
Көрсетілген адамға тіркеуді растау немесе одан бас тарту туралы SMS-хабарлама келеді. Растау үшін SMS арқылы 911 кодын, ал бас тарту үшін 912 кодын жіберу қажет. Шешім қабылдауға бес сағатқа дейін уақыт беріледі.
Тіркеу расталғаннан кейін сенім білдірілген байланыс туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне беріледі.

eGov Mobile қосымшасында сервис «Мемлекеттік қызметтер» → «Денсаулық сақтау» бөлімінде орналасқан. Өтінішті Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде өңдеу 10 минутқа дейін уақыт алады.
Тіркеудің өзекті мәртебесін eGov.kz порталындағы «Менің бейінім – Жеке кабинет» бөлімінен, ал eGov Mobile қосымшасында «Хабарламалар – Жеке кабинет тарихы» арқылы тексеруге болады.
Министрліктің мәліметінше, жаңа сервис шұғыл емдеуге жатқызылған адам туралы жақындарының ақпаратты жедел алуына және пациентпен немесе медициналық ұйыммен дер кезінде байланысуына мүмкіндік береді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz