Қазақстанда вакциналарды сақтау және тасымалдау жағдайын бақылауға арналған цифрлық жүйе 1 қазаннан бастап ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен кеңесте жасанды интеллект элементтері бар цифрлық жобаларды таныстыру кезінде айтты.
«Суық тізбек» жобасы вакциналарды сақтау және тасымалдау жағдайын қоймадан бастап медициналық ұйымға дейін автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді. Температура датчиктері препараттардың сақталу жағдайын қадағалайды, ал GPS-мониторинг иммундық препараттарды тасымалдау барысын бақылайды.
Пилоттық жоба 2025 жылы Қарағанды облысында жүзеге асырылды. Осы жылдың 1 қазанынан бастап жобаны бүкіл ел аумағында кезең-кезеңімен енгізу басталады, – деді министр.
Цифрлық жүйе еліміздің барлық өңіріндегі 3,5 мыңнан астам нысан мен 800 арнайы көлікті қамтиды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #вакцина #бақылауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz