Жыл өткен сайын балаларды емдеу тәсілдері қалай өзгеріп жатыр? Жетекші медицина мамандары бүлдіршін денсаулығын жақсартуда қандай әдістерді қолданады?
Астанадағы 21-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында бас қосқан педиаторлар бүгін осы сұрақтарды талқылады. Ауқымды іс-шараға отандық және шетелдік 200-ге жуық сала маманы қатысты. Күн тәртібіне жұқпалы аурулардың алдын алу, асқазан-ішек жолдары инфекциясы және дұрыс тамақтану секілді бірқатар өзекті мәселе қойылды. Ақ халаттылар заманауи медицинаның сын-қатерлеріне қарсы бірігіп жұмыс істеуді көздеп отыр.
Сағира Әбдрахманова, қалалық Педиаторлар қауымдастығының президенті:
- Балаларға екпе салу керек. Бүгінде инфекция, вирус деген жаман. Балалар көбісі содан шетінеп, ауру, мүгедек болып жатыр. Сондықтан осы мәселеге ынта бөлеміз, әрі қарай дамытамыз. Екіншіден, балалардың тамақтануы. Ата-аналар көп жұмыс істеп жатырмыз, бірақ көп ата-аналар түсінбейді. Бүгінгі жағдайда психикалық балалардың денсаулығы, аутизм деп жатырмыз, одан да мәселе өте көп.
Тегтер #Астана #бала денсаулығы #екпе #ем #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz