Қарағанды облысында алғаш рет жүрекке қан жеткізетін тамырларға операция жасалды. Дәрігерлер ем-домды кеуде қуысын аздап тілу арқылы жүргізді.
Жаңа әдіс қолданылған төрт науқастың да жағдайы жақсы. Бұған дейін мұндай операция кезінде науқастың кеуде тұсы үлкен көлемде ашылып, төс сүйегі кесілетін. Енді дәрігерлер қабырғалардың арасынан шағын ғана тілік жасап, операция жасайды. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа әдіс науқастың денесіне түсетін салмақты азайтады. Жара да тез жазылып, адам қысқа уақытта қалыпты өміріне оралады. Бұл операцияларды Қарағанды дәрігерлері Президент Іс басқармасы Медицина орталығының мамандарымен бірлесіп жасады.
Сергей Цой, кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі:
- Бұл науқастардың ертерек қалпына келіп, тез оңалуына мүмкіндік береді. Яғни олар небәрі 6-8 сағаттан кейін орнынан тұрып, белсенді қозғала алады. Сонымен қатар сүйек қаңқасына байланысты және инфекциялық асқынулар, ауырсыну болмайды.
Тегтер #Денсаулық #операция #жүрек #ем домPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz