RU
Толық нұсқаға өту
@DenMinPR

Дәрі-дәрмек өндірісі: Қазақстан мен кореялық алпауыт компания келісім жасасты

14.09.2026, 12:20 49

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның «Kyngdong Pharmaceutical» компаниясы елімізде дәрі-дәрмек шығарып, жаңа технологияларды әкелу үшін өзара маңызды меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «24KZ».

 Мемлекет басшысының Кореяға сапары аясында өткен бұл келісім Қазақстанда фармацевтика саласын дамытып, бірлескен өндіріс орындарын ашуға жол ашады.

Кездесу кезінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен кореялық компанияның бас директоры Ким Кён Хун дәрілік заттардың өндірісін қолға алу және келісімшарттық негізде жұмыс істеу мәселелерін талқылады. Елімізде бұл сала қарқын алып келеді: мысалы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық фармацевтика нарығының көлемі 2,5 миллиард долларға жеткен.

Сонымен қатар биыл ақпанда Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұлттық реттеу жүйесінің 3-деңгейіне қол жеткізіп, ТМД елдері арасында бұл белесті бірінші болып бағындырды.

Инвесторлар үшін елімізде ұзақ мерзімді сұраныс пен мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Алдағы уақытта бұл жобалар аясында шығарылған өнімдерді тек ішкі нарыққа ғана емес, ЕАЭО мен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің нарықтарына да шығару көзделіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz