Қатерлі ісіктен жылына 10 миллиондай адам көз жұмады.
Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есеге жуық өседі. Яғни 18,2 миллионға жетуі мүмкін. Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің болжамы осындай. Сосын ауру саны 35 миллионға жетеді. Мамандар мұны жер бетінде адамның көбеюі және халықтың қартаюымен байланыстырады, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір әлемде әр бесінші адам жаман ауруға шалдыққан. Жыл сайын 20,6 миллион жаңа қатерлі ісік ауруы анықталады. Күн сайын 26 мыңнан астам науқас көз жұмады.
Обыр жас та, жыныс та талғамайды. Жылына жаңа туған сәбиден бастап 19 жасқа дейінгі жасөсіпірмдер арасында 400 мың бала ақ қан ауруына шалдығады.
Ал ерлер мен әйелдер арасындағы жағдайға келсек,, жылына әр тоғызыншы ер адам және әр он үшінші әйел дерттен көз жұмады.
Ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрі – өкпе обыры. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, әлемде жылына 2,5 миллион науқас тіркеледі. Бұл барлық онкологиялық аурулардың шамамен 13%-ы. Екінші орында сүт безі обыры, 2 миллион 300 мың жағдай. Одан кейін тоқ ішек обыры, жыл сайын 1 миллион 900 мың адамға диагноз қойылады. Төртінші және бесінші орындарда – қуық асты безі және асқазан обыры.
1 2 3 4 "5" Әлемде әр бесінші адам қатерлі ісік ауруына шалдыққан
Әр жыл сайын - 20 600 000 ауру анықталады
Күніне - 26 000 науқас көз жұмады
Жылына - 10 000 000
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР
0-19 жас
Ақ қан ауруы (лейкемия)
Жылына: 400 000
ер әйел
1 2 3 4 1 2 3 4 5
5 6 7 8 "9" 6 7 8 9 10
11 12 "13"
Өкпе обыры - 2 500 000
Сүт безі обыры - 2 300 000
Тоқ ішек обыры - 1 900 000
Қуық асты безі обыры - 1 500 000
Асқазан обыры - 970 000
Дереккөз: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Тегтер #обыр #болжам #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz