RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында жатыр мойыны обырын емдеудің жаңа әдісі енгізіліп жатыр

24.09.2026, 15:54 50

Абай облысында жатыр мойыны обырын емдеудің заманауи әдісі - гибридті тінаралық брахитерапия енгізіліп жатыр.

Жаңа технология сәулені ісікке барынша дәл бағыттап, сау ағзаларды қорғауға мүмкіндік береді. Арнайы құралдар мен жіңішке инелердің көмегімен сәуле тікелей ісік аймағына жеткізіледі. Ал МРТ немесе компьютерлік томография арқылы әр науқасқа жеке емдеу жоспары жасалады. Әдістің басты артықшылығы ісікке жоғары дозада сәуле түсіре отырып, қуық пен ішек сияқты маңызды ағзаларға түсетін әсерді барынша азайту. Бүгінде Абай облысында түрлі онкологиялық ауру бойынша 916 пациент диспансерлік есепте тұр. Ал соңғы алты айда 55 әйелге жатыр мойыны обыры диагнозы қойылған.

Азалия Есенғари, ядролық медицина және онкология орталығының радиациялық онкология бөлімінің меңгерушісі:

- Шілде айында Воронеж қаласындағы онкологиялық диспансер мамандарымен бірлесіп шеберлік сабағын өткіздік. Процедураның барлық кезеңін меңгеріп, бес пациентке ем жүргіздік. Кейін олардың МРТ нәтижелерін қарап, емнің оң динамикасын байқадық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz