RU
Толық нұсқаға өту

Өскемендегі онкологиялық орталыққа обырды емдейтін екінші желілік үдеткіш қойылды

24.09.2026, 15:55 47

Өскемендегі көп салалы онкологиялық орталыққа ракты сәулемен емдейтін екінші желілік үдеткіш қойылды.  

"Қатерлі ісік көрсеткіші жоғары өңірге бұл аппарат қажет", - дейді мамандар. Бұған дейін алынған аппаратпен жылына мыңнан астам адам емделетін. Енді тағы сонша адамды кезексіз қабылдаудың мүмкіндігі бар. Облыста қатерлі ісік аурулары 3,7 процентке көбейіп кеткендіктен, скринингтік тексеру күшейтілді. Онколог, гинеколог, уролог сияқты мамандар шалғай аудандарды аралап, тұрғындарды қабылдап жатыр. Одан бөлек жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам "Ашық есік күні" шарасына қатысып, мамандардың кеңесін алған. Медициналық орталық дәрігерлері: "Жаңа жабдықтар алғаннан кейін емдеу уақыты да қысқарды", - дейді. 

Малика Мейірманова, “ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы”директорының орынбасары:

- Қазіргі кезде екі желілік үдеткіш болған кезде пациенттерді көбірек аламыз. Сонымен қатар ең бастысы емнің күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Өйткені біздің ШҚО сырқаттанушылық деңгейі жоғары аймаққа жатады. 8 айда 2026 жылғы жалпы сырқаттану көрсеткіші алдыңғы жылға қарағанда 3,7 процентке жоғарлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz