Заманауи медициналық кешеннің жалпы аумағы – 17 гектар. Мұнда тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрі көрсетіледі.
Емдеу мекемесі заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталады. Ал аурухана аумағында шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін тікұшақ алаңы да қарастырылған. Өңірге жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аурухананың құрылыс барысымен танысып, аймақтағы медициналық қызметтің сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Қазір нысан құрылысының 70 пайызы аяқталған. Көпбейінді аурухана келер жылы пайдалануға беріледі.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Президенттің берген тапсырмасы аясында бүгінгі таңда бүкіл республика бойынша 50-ден астам құрылыс нысанында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірінші транш бойынша 108 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бес перинаталдық орталықтың құрылысы басталды. Сондықтан осындай жұмыстарды жүзеге асыру үшін алдағы үш жыл ішінде инфрақұрылымды дамытуға бюджеттен 1 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған.
Тегтер #Көкшетау #көпбейінді аурухана #құрылыс #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz