RU
Толық нұсқаға өту

Шымкент дәрігерлері шала туған егіздерді аман алып қалды

02.10.2026, 12:31 52

Шымкентте дәрігерлер жүктіліктің 29 аптасында салмағы 740 және 935 грамм болып дүниеге келген егіз қыздарды аман алып қалды, деп хабарлайды «24KZ».

Сәбилер 85 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болып, үйлеріне шығарылды. Нәрестелер кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.

44 жастағы ана үшін көптен күткен егіздердің дүниеге келуі қуанышпен қатар уайымға толы болды. Шала туған қыздар бірден реанимация бөліміне жеткізіліп, алғашқы 23 тәулікте қарқынды медициналық көмек алды.

Жағдайлары тұрақтанған соң сәбилер нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Мерзімінен ерте туылғандықтын өкпесі толық жетілмеген қыздарға тыныс алу жүйесін қолдауға бағытталған ем жүргізіліп, бронх-өкпелік дисплазия бойынша да медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер олардың тыныс алуын, тамақтануын және салмақ қосуын тәулік бойы бақылауда ұстады.

«Мұндай салмақта дүниеге келген нәрестелерге ерекше күтім мен үздіксіз медициналық бақылауды қажет. Қыздардың жағдайы біртіндеп жақсарып, салмақ қоса бастады. 85 күннен кейін оларды үйлеріне шығардық», – дейді қалалық перзентханасының дәрігер-неонатологы Нилуфар Тұрсыметова.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz