Астанада нейрохирургия мен неврологияның өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр.
Ауқымды жиынға АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Орталық Азиядан 150-ден астам сарапшы келген. Кездесуде заманауи ғылыми жобалар таныстырылып, 40-тан астам баяндама жасалды. Ғалымдар жүйке жүйесі ауруларын емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту әлеуеті де сөз болды. Қазақстанда жыл сайын 36 мыңнан астам нейрохирургиялық операция жасалады. Салада Ұлттық нейрохирургия орталығы және 39 облыстық және қалалық ауруханаларда 51 нейрохирургиялық бөлімше жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар конференция аясында белгілі ғалым, профессор Леонид Лихтерманның 95 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Серік Ақшолақов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы:
- Бұл конференцияны біз белгілі дүниежүзіндегі ғалым, невролог Леонид Болеславович Лихтерманның 95 жылдығына арнаймыз. Себебі ол кісі 50 жылдары өзінің жұмысын осы Қазақстанда, оның ішінде Батыс Қазақстанда бастап, бірінші рет неврология мектебін бастаған. Соның арқасында ол осы уақытқа дейін бізбен қатарлас. Бізден көмегін аяған жоқ. Оның еңбектері жазған, әсіресе ми жарақаттарынан жастарды оқытуға дүниежүзінде пайдаланылады.
Тегтер #нейрохирургиялық операция #конференция #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz