RU
Толық нұсқаға өту

Елде сүт безі обырының алдын алуға бағытталған республикалық науқан басталды

03.10.2026, 00:14 38

Бүгін елімізде сүт безі обырының алдын алуға бағытталған республикалық науқан басталды. «Әйел өмірі үшін» деп аталатын шара нәзік жандарды ақпараттандыруға бағытталған.

«Әділет» партиясы ұйымдастырған брифингте мамандар қатерлі дертті ерте анықтау мен алдын алуға қатысты нақты кеңес берді. Қазақстанда 40-76 жас аралығындағы әйелдер үшін тегін скрининг қарастырылған. Сонымен қатар осы ай бойы ел аумағындағы емханаларда ашық есік күндері өтіп, онколог дәрігерлердің кеңесіне жүгінуге болады. Ұйымдастырушылар шалғай елді мекен тұрғындарын ақпараттандыру ісіне ерекше мән беріп отыр.

Шолпан Каринова, ҚР Құрылтай депутаты:

- Ақпаратты жеткізу үшін және қоғамның назарын осы мәселеге аудару үшін еліміздің барлық өңірлерінде 121 қоғамдық ғимарат кешкі 7-8 аралығында қызғылт түске боялады. Сонымен қатар билбордтар, 250 қоғамдық көлікте сүт безі обыры туралы ақпарат жарияланады. Осылайша, біз дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы акцияға қосылдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz