Мемлекеттік шекаралардағы өткізу бекеттерінде санитариялық бақылау күшейтілді. Бұған Ресейдің Иркутск облысында болған жағдайы себеп.
Онда 28 жастағы әйел көз жұмып, ел арасында індет тарады деген күдік туған еді. Алайда оның анық-қанығы әзір белгісіз, ресейлік мамандар мәселенің мән-жайын анықтап жатыр. Жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады. Қазір еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланып отыр. Аурудың Қазақстанда таралу қаупі төмен. Ведомство тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.
Зауреш Жұмадилова, М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының бас директоры:
- Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Көліктің барлық түрінде дене қызуы бар адамдар, ауру белгілері немесе аса қауіпті инфекцияға күдігі бар адамдар анықталған жоқ. Алдын ала бағалау бойынша инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен деңгейде қалып отыр.
Тегтер #ДСМ #Иркутск #бақылауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz