RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде тұмауға қарсы вакциналау басталды

07.10.2026, 22:28 51

Шығыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы вакциналау басталды.  

Өңірге 75 мың доза вакцина  қажет болса, соның 19 мың дозасы жеткізілді. Балалар мен жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар науқастарға екпе тегін, дейді мамандар. Тұрғындар екпені тіркелген жері бойынша медициналық мекемеде салдыра алады. Мысалы, Өскемендегі номері бірінші емханаға вакцина алу үшін келіп жатқандар көп. Айта кетейік, облыста эпидемиологиялық маусым басталған бір апта ішінде 4 мыңнан аса адам жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Ал тұмаумен ауырғандар әлі тіркелген жоқ, дейді сала өкілдері.  

Айман Мырамытова, № 1 қалалық емхананың бас дәрігері:

- Біздің емханада екі бригада түрлі медициналық мекемелер мен әлеуметтік орындарды аралап, екпе шараларын жүргізіп жатыр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Өйткені ауру өршитін кез  басталды. Ең алдымен  тәуекел тобына кіретін адамдарды екпемен қамтимыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz