Қазақстандық жедел медициналық жәрдем бригадалары Беларусь Республикасында өткен VI халықаралық чемпионатта жоғары нәтиже көрсетті. Жамбыл облысының командасы бірінші орынды иеленсе, Қызылорда облысының бригадасы екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды «24KZ».
Халықаралық додаға Беларусь, Ресей және Қазақстаннан 22 команда қатысты. Қатысушылар жедел медициналық көмек көрсету, шұғыл жағдайда дұрыс шешім қабылдау, кәсіби шеберлік пен командалық үйлесімділікті талап ететін күрделі сынақтардан өтті.
Чемпионат қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бригадасы жеңімпаз атанды. Ал Қызылорда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының командасы екінші орынға ие болды.
Екі команда да жоғары кәсіби дайындықтарын, шұғыл жағдайда жедел әрі нақты шешім қабылдау қабілеттерін және командалық жұмыс деңгейін көрсетті.
Қазақстандық мамандардың халықаралық жарыстағы жетістігі отандық жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Жамбыл облысы #Қызылорда облысы #Жедел жәрдемPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz