RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облыстық балалар ауруханасы күрделі жөндеуден өтеді

15.10.2026, 20:02 33

«Ол үшін республикалық бюджеттен қажетті қаржы бөлінеді», – дейді өңір басшысы Құмар Ақсақалов. Емдеу нысанын жөндеу алты жыл бұрын басталып, аяғы мердігер мен Денсаулық сақтау басқармасы арасындағы сот дауына ұласқан еді. Содан бері ғимарат пайдаланылмай, қаңырап бос тұрды. Ал сырқаттанған балалар бұрынғы инфекциялық орталықта емделіп жүр, деп хабарлайды 24KZ.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

– Бір жылдан аса жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап, бүгінгі күні ол толығымен бітті. Енді республикаға жүгініп, біз өтініш жасадық. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Сондықтан ол да үлкен жаңалық. Біз осы жылдың аяғына дейін бүкіл жұмыстарымызды бастауға дайынбыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz