Қарағанды облысында жедел респираторлы вирустық инфекцияны 12 мыңнан астам адам жұқтырған.
Тұмаумен ауырғандардың жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі бала. Сондықтан өңір мектептерінде санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілді. Ал емханаларда халықты вакцинациялау жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 35 мың адам тұмауға қарсы екпе алған. Диспансерлік есепте тұрғандарға, медицина қызметкері, жүкті әйел, педагог, әскерилерге және 65 жастан асқан адамдарға екпе тегін салынады. Санитариялы-эпидемиологиялық бақылау мамандары жеке гигиенаны сақтауға, бөлмелерді жиі желдетуге және ауру белгілері бар адамдармен уақытша байланысты шектеуге кеңес береді.
Гүлім Жақсыгелді, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, осы қазіргі эпидемиологиялық жағдайда тұмаудың 3 штамы айналымда жүреді. Ол А1, А3 және В штамдары. Осы аталған 3 штамм екпенің құрамында кездеседі. Бұл екпе адамның, тұмаумен ауырудың асқынуынан, өте қауіпті жағдайынан сақтайды.
Тегтер #Қарағанды облысы #ЖРВИ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz