RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

2027 жылдан бастап азаматтар сақтандырусыз қандай медициналық қызметтерді ала алады

20.10.2026, 14:56 38

2027 жылдан бастап қазақстандықтар медициналық сақтандыруы болмаса да, бірқатар медициналық қызметті тегін ала алады, деп хабарлайды «24KZ». 

Денсаулық сақтау министрлігі қандай өзгерістер енгізіп отыр, азаматтарға қандай қызметтер тегін көрсетілетінін Республикалық медициналық санитариялық алғашқы көмек орталығының директоры Олжас Ысқақов айтып берді.

Сақтандырылмаған тұрғындар емханаларда жалпы тәжірибелік дәрігердің қарауынан өтіп, қан қысымын өлшеу, жалпы қан және зәр анализін тапсыру, сондай-ақ қажетіне қарай УЗИ, флюорография және рентген тексерулерін тегін ала алады. Сонымен қатар, еліміздегі барлық азаматтар, тіпті МӘМС мәртебесі жоқ болса да, онкологиялық, жүрек-қан тамырлары, қант диабеті және келесі жылдан қосылатын өкпенің қатерлі ісігін анықтауға арналған жеті түрлі скрининг түрін екі жылда бір рет тегін өтуге құқылы. Ал тексеру нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар аурулар (туберкулез, қатерлі ісіктер, ВИЧ, психикалық аурулар, инсульт т.б.) анықталған жағдайда, пациентке әрі қарайғы қажетті ем мен көмек толықтай көрсетіледі.

Сақтандырылмаған азаматқа біз жалпы тәжірибелік дәрігердің қарауы, қан қысымын өлшеу, жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, ультрадыбысты зерттеу қажетіне қарай, яғни жаңағы УЗИ деп халық үйренген ғой, УЗИ жүргізуге, флюорография, рентген тексерулеріне дейін, осы біздің қазіргі таңда сақтандырылмаған азаматтарымызға бүкіл мүмкіншіліктері бар емханаға, ол өзгеріссіз жиырма жетінші жылдың бірінші қаңтарынан барса да, емханада осы аталған медициналық көмектер болады, -деді Республикалық медициналық санитариялық алғашқы көмек орталығының директоры Олжас Ысқақов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz