Қазақстанда кардиологиялық қызметте кадр тапшы.
Салаға 4 мың 14 маман қажет. Бірақ іс жүзінде 661 маман ғана жұмыс істейді. Бұл туралы Құрылтай отырысында депутат Жұлдыз Данбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, емдеу мекемелеріндегі материалды-техникалық базаны да жаңарту қажет. Медициналық жабдықтардың шамамен 40 пайызы тозған. Ал алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында бастапқы кардиодиагностикаға қажетті жабдықтар толық емес. Жыл басында тіркелген деректерге сәйкес, елде 2 миллионға жуық адамда қан айналымы жүйесі аурулары бар. Бұл ересектердің 14 пайызына тең. Оның ішінде 114 мың жағдай алғаш рет анықталған. Сонымен қатар пациенттердің 90 пайызы амбулаторлық деңгейде ем қабылдайды. Осы мәселелерді шешу үшін депутат Денсаулық сақтау министрлігіне бірқатар ұсыныс айтып, сауал жолдады.
Жұлдыз Данбаева, ҚР Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы:
- Алғашқы медициналы-санитарлық көмек стандартына созылмалы жүрек жеткіліксіздігі мен атеросклероз кабинеттерін енгізуді және барлық өңірде кардиореабилитацияның толық циклін ұйымдастыруды; 18 жастан бастап халықты скринингтен өткізуге арналған жасанды интеллект бағдарламаларын және пациенттердің жағдайын қашықтан мониторингтеу жүйесін енгізуді. Кардиологиялық қызметті жаңғырту, кадрлық әлеуетті арттыру және медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында кешенді трансформация бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз.
Тегтер #депутат #скрининг #жасанды интеллект жылы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz