RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда ревматология туралы монография жарық көрді

22.10.2026, 22:13 39

Ревматологиядағы тың әдістер.

Алматыда профессор Ғалымжан Тоғызбаев пен оның әріптестері осы тақырыпқа арнап монография шығарды.

Кітапта васкулит, псориатикалық артрит және жүйелі қызыл жегі ауруларына диагноз қойып, оны емдеу бойынша ұсыныстар бар. Авторлардың айтуынша, мұндай ауруға көбінесе отыз жасқа толмаған жас әйелдер шалдығады. Ал монографияда соңғы емдеу тәсілдері, ғылыми-зерттеу институттарының тәжірибесі енгізіліген. Бұл ауруды ерте анықтап, дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді. Мүгедектік қаупін азайтады. Кітап мамандарға, жалпы тәжірибе дәрігерлеріне арналған. Бұл монографияның екінші томы. Біріншісі былтыр шықты. Алғашқы жинақ ревматоидты артрит пен остеоартроз диагнозына арналған.

Ғалымжан Тоғызбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас ревматологы:

- Жүйелі қызыл жегі - бұл өте ауыр ауру. Көбіне жас қыз-келіншектер ауырады. Ерте инвалидтікке ұшырайды және бұл диагнозды анықтау оңай емес. Жылдар өтеді. Анықталған кезде қиын болады және мемлекетке үлкен қаржылай салмақ түседі. Сол жағдайға жеткізбес үшін мына кітапта толықтай бұл диагнозды ерте қалай анықтау керек. Дәрігерлерге түсіндіріліп жазылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz