Елде кейінгі 5 жылда мыңнан астам медициналық нысан ашылды.
Олардың арасында аурухана, дәрігерлік амбулатория, емхана, медициналық пункт пен ғылыми орталықтар және қан мен оңалту мекемелері бар. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асқан. Президент пәрменіне сәйкес, сала мамандары әлеуметтік қолдау шараларына да ие болды. Былтыр тұрғын үймен қамтылғандардың саны артып, 727 адамға жетті. Ауылдық жерлерде тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 500-ден астам қызметкерге 8,5 миллион теңге біржолғы төлем берілді. Ал дәрігер тапшылығы 20,4 пайызға қысқарды. Қазір денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 84 мыңға жуық дәрігер еңбек етеді. Сондай-ақ қазір медициналық білім мен ғылымға жасанды интеллект қарқынды еніп келеді. Бүгінде білім беру бағдарламаларына жасанды зердені қолданатын пәндер енгізілді. Бұған қоса қалалық деңгейде медициналық деректерді талдап, тәуекелдерді болжайтын арнайы жүйе әзірленіп жатыр.
1003 ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН
10 аурухана
14 емхана
967 дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт
3 ғылыми медициналық орталық
9 қан, оңалту орталықтары
1760 дәрігер әлеуметтік қолдау шараларына ие болды
727 маман тұрғын үймен қамтылды
529 маманға ₸8,5 млн біржолғы төлем берілді
Дәрігер тапшылығы 20,4% қысқарды
280 мыңнан астам медицина қызметкері – 84 мың дәрігер
Тегтер #денсаулық сақтау #өзгеріс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz