Қызылордада 300 төсектік көп салалы аурухана мен екі емхананың құрылысы жүріп жатыр.
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов жұмыс барысымен танысты. Өңірде ауыл медицинасын дамытуға да басымдық берілген. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында елімізде 655 нысан салынды. Ал Қызылорда облысында жоспарланған 27 медициналық пункттің барлығы пайдалануға берілді. Өңірде 39 дәрігерге әлеуметтік қолдау көрсетіліп, 33 медицина қызметкері баспанамен қамтылды. Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап жедел жәрдем, инфекциялық және санитарлы-эпидемиологиялық қызметтердің жекелеген санаттағы мамандарына 30 пайызға дейін қосымша ақы төлеу қарастырылған.
Тегтер #Қызылорда #медициналық нысан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz