Қазақстан мен Қытай медициналық ынтымақтастықты нығайтып жатыр.
Алматыдағы Ұлттық фтизио-пульмонология ғылыми орталығында кеуде қуысына жасалатын аз инвазивті хирургияны көрсету орталығы ашылды. Орталық тәжірибе алмасуға және заманауи медициналық технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Енді отандық дәрігерлер кеуде қуысына операцияны шағын тілік арқылы жасайды. Бұл хирургиядағы болашағы зор бағыттың бірі. Дәстүрлі ашық операциялармен салыстырғанда жеңіл. Бұл әдіс науқастың тез оңалып кетуіне мүмкіндік береді.
Тілеухан Әбілдаев , Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының орынбасары:
- Осы орталық арқылы болашақта біздің республикамызда бірінші кезекте, әлбетте туберкулез ауруларының осындай емделуі. Хирургиялық емдерді одан да сапалы деңгейге көтеру мақсатында жасалып жатқан іс-шара. Болашақта осы орталық тұрақты жұмыс жасағанда республикамызға, біздің елімізге берері көп. Нәтижесі оңды болмақ. Үлкен үміттеміз.
Тегтер #Алматы #Қытай #хирургия #пульмонология #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz