Жезқазған қаласының Батыс ауданында жаңа көп бейінді емхананың құрылысы жүріп жатыр.
Бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын медициналық мекеме 35 мың тұрғынға қызмет көрсететін болады.
Бұл қала тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым міндеттердің бірі.
Бұл емханада ересектер, балалар бөлімі, күндізгі стационар, амбулторлы хирургия орталығы және оңалту бөлімшесі болады. Диагностикаға ерекше маңыз берілген. Магнитті-резонанстық томография, рентгендік зерттеу, скрингтік тексеруге арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Рүстем Нысамбаев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– Медицналық құралдардың бәрі сапалы және ауқымды. Компютерлік томограф 128 тілімді, магниттік-резонанстық томографтың магниттік өрісі 1,5 тесла, стационарлы рентген аппараты, маммограф, флюорография және сәулелік диагностика бөлімшесі. Қысқасы бұл емхана біздің облыстағы ең озық емдеу мекемесіне айналады.
Емханада 187 адам жұмыс істейді. Оның 70-і - дәрігер, 75-і - орта буын медицина қызметкері. Өздігінен келе алмайтындарға үйлеріне барып, көмек көрсету қарастырылған.
Ринат Алматов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
- Үшінші қабатының құрылысы аяқталуда. Қазіргі таңда ғимараттың қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі жылдың/скл/ тамыз айында толық халықтың игілігіне қолданысқа беру жоспарланған.
Үш қабатты ғимараттың аумағы 8 мың 500 шаршы метр. Адамдардың жүріп тұруына ыңғайлы болуы үшін, пандус, бірнеше жеделсаты орнатылады. Бұл жобаны жүзеге асыруға «Жылы жүрек» қайырымдылық қоры қаржылай қолдау көрсетіп отыр.
Анар Жұмағұлова, Zhyly Zhurek Foundation қайырымдылық қорының директоры:
- Біз алдымен өңірдің ерекшелі мен қажеттілігін зерттеп алдық. Сосын осы қалаға, облысқа емхананың қажет екенін түсіндік. Біздің қор емхананы бастан аяқ дайын күйінде тапсырады.
Емхана құрылысы биыл шілде айында басталған. Бір жылдың ішінде толық аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа медициналық нысан диагностика мүмкіндіктерін кеңейтіп, жергілікті тұрғындар үшін амбулаториялық көмектің қолжетімділігін арттырады.
Авторлары Мағауия Қалиев, Нұрбол Үздікбаев
Тегтер #жолдау 2026 #Ұлытау #емхана #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz