Қазақстанда медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырма аясында елімізде 70-ке жуық медициналық нысан салу жоспарланып отыр. Қазір жобаларды жоспарлау және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Дәулет Жақыпбаев «24KZ» арнасына берген сұқбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа медициналық нысандардың қажеттілігі ең алдымен өңірлердегі медициналық және демографиялық көрсеткіштерге байланысты анықталады. Атап айтқанда, медициналық инфрақұрылымы жеткіліксіз және көрсеткіштері төмен аймақтарға басымдық беріледі.
Қазір Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында көпбейінді ауруханалар салынып жатыр. Бұдан бөлек, еліміздің сегіз өңірінде перинаталдық орталықтардың құрылысын бастау жоспарланған, - деді Дәулет Жақыпбаев.
Жобаларды іске асыру алдында әр нысанға медициналық жоспарлау жүргізіледі. Бұл кезеңде болашақ аурухананың бағыты, медициналық қызмет түрлері, қажетті мамандар мен медициналық жабдықтар айқындалады. Одан кейін жобалау жұмыстары басталады.
Тегтер #денсаулық сақтау #медициналық нысандар #24жаңалықтар #24KZАл құрылыс сапасы мен мерзімінің сақталуына жергілікті атқарушы органдар жауапты. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты «Turar Healthcare» ұлттық операторы жобалардың орындалуына мониторинг жүргізіп, бақылау жасайды. Бұл жұмысқа жергілікті бақылау органдары да қатысады, - деді Дәулет Жақыпбаев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz