RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Маңғыстауда дәрігерлер шұғыл ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды

13.11.2026, 15:13 25

Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының дәрігерлері шұғыл кесар тілігі отасын жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды. Ота барысында әйелдің жатырынан көлемі үлкен миоматозды түйін анықталған, деп хабарлайды «24KZ».

Алғашқы сәбиін күтіп жүрген 27 жастағы әйел жүктіліктің 38-аптасында перинаталдық орталыққа толғағы басталып түскен. Кардиотокографиялық (КТГ) зерттеу ұрықтың жатырішілік жағдайы нашарлағанын көрсеткен. Ана мен баланың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдады.

Ота кезінде нәресте алынғаннан кейін жатыр қуысын тексеру барысында оның пішінін өзгерткен, көлемі үлкен миоматозды түйін анықталды. Мамандардың айтуынша, бұл ұрық жағдайының нашарлауына әсер еткен себептердің бірі болуы мүмкін.

Шұғыл отаны жоғары санатты акушер-гинеколог Назгүл Жамбылқызы жасаған. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен жедел қабылдаған шешімінің арқасында салмағы 2 950 грамм ұл бала дүниеге келді. Қазір ана мен нәрестенің жағдайы тұрақты.

Айта кетейік, жатыр миомасы – жатырдың бұлшықет қабатынан дамитын қатерсіз түзіліс. Әсіресе көлемі үлкен немесе жатыр қуысына қарай өсетін түйіндер жүктіліктің қалыпты өтуіне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан мамандар жүктілікті жоспарлау кезінде гинекологқа қаралып, қажетті тексерулерден уақытылы өтудің маңызын ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz