Тараз қаласында бір күнде төрт ана егіз босанды. Нәтижесінде сегіз сәби өмірге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Ерекше оқиға Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының босану блогында тіркелген.

Медициналық мекеме мамандарының мәліметінше, босану кезінде аналар мен нәрестелердің амандығын қамтамасыз етуге акушер-гинекологтер, неонатологтер, акушерлер, анестезиолог-реаниматологтер мен мейіргерлер жұмылдырылған.
Медицина қызметкерлері әр ана мен сәбиге қажетті медициналық көмек көрсетіп, кәсіби қолдау білдірді.
Бір күнде төрт жұп егіздің дүниеге келуі – сирек кездесетін жағдай. Сегіз нәрестенің өмірге келуі төрт отбасыға бірдей қуаныш сыйлады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Тараз #егіздер #перзентханаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz