RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

Дербес медициналық деректер заңмен қорғалады

25.11.2026, 11:25 11

Құрылтай депутаттары денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «24KZ».

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулердің жеке топтамасы саланы цифрландыруға арналған.  Заң жобасында денсаулық сақтауды цифрландыруды құқықтық реттеуді жетілдіру, медициналық практикаға ақпараттық жүйелер мен электрондық сервистерді енгізу көзделген.

Атап айтқанда, Қазақстан аумағында жүргізілетін биомедициналық зерттеулер туралы деректерді қамтитын ақпараттық ресурс құрылады. Сонымен қатар, трансляциялық зерттеулер мен трансляциялық медицина ұғымдары нақты айқындалады.

Ұсынылып отырған басқа да өзгерістердің қатарында дербес медициналық деректерді қорғау тетіктерін нығайту бар. Ал трансплантациялау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ағзаларды, ағзалардың бір бөлігін немесе тіндерді трансплантациялау тәртібі нақтыланады.

Сондай-ақ заң жобасымен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарында болу мерзімдері айқындалады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған балалар онда туғаннан үш жасқа дейін, ал психикалық және физикалық даму бұзылыстары бар балалар төрт жасқа дейін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz