RU
Толық нұсқаға өту

Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға оңалту бағдарламасы әзірленді

25.11.2026, 17:31 39

Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы елдегі есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін оңалту бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды 24KZ.

«Жобада алғаш рет медицина, сурдопедагогика және әлеуметтік бейімдеу бағыттары біріктірілген», – дейді мамандар. Енді кәсіби аудиологтар, сурдопедагогтар, отоларингологтар, логопедтер, психологтар мен массажистерден құралған команда балалардың қоғамға сәтті бейімделуіне және сөйлеу дағдыларын дамытуына жағдай жасайды. Бүгінде Орталық қызметі заманауи технологияларды енгізу, кадрлық әлеуетті нығайту арқылы еліміздің барлық өңіріндегі мүгедектігі бар адамдарға кешенді қолдау көрсетуге бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz