RU
Толық нұсқаға өту

Биыл тұмау әдеттегіден ауыр өтуі мүмкін

25.11.2026, 19:59 29

Биыл тұмау әдеттегіден ауыр өтіп, денсаулыққа қауіп төндіретін асқынуларға әкелуі мүмкін. Қазірдің өзінде жағдай мәз емес. Эпидемиологиялық маусым басталғалы тұмаудың 300-ге жуық жағдайы тіркелген. Бүгінде оның таралу қаупін бәсеңдету үшін тұрғындарға екпе егу науқаны жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 2 млн-нан астам адам вакцина алды. Мамандар тұрғындарды қарапайым сақтық шараларын ұстануға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады, деп хабарлайды 24KZ.

Сархат Бейсенова, ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:

– Бүгінгі таңда 2 065 649 адам вакцина алды. Бұл жоспарланған көлемнің 93,9 пайызын құрайды. Вакцинациялау жұмыстары 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін жоспарлануда. Мемлекеттік бюджет есебінен динамикалық байқауда тұрған балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және медицина қызметкерлеріне вакцинация жүргізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz