Қимыл-қозғалысы шектеулі науқастарға жақындары үй жағдайында күтім жасай алады. Ол үшін Алматыда орналасқан паллиативтік орталықта күтім жасау дағдыларын тегін үйрететін мектеп ашылды, деп хабарлайды 24KZ.
Орталыққа білім алуға ниетті кез келген адам жүгіне алады. Сабақтар тегін өтеді. Қазір шамамен 30-ға жуық науқастың жақындары білім алып жатыр. Орталық мамандары жасанды интеллектінің көмегімен арнайы бейнеролик әзірлеген. Ол курстан өткендердің барлығына беріледі. «Мамандар мұндай қысқа мерзімді курстар елдің өзге өңірлерінде де ашылады», – дейді.
Айгерім Аяғанова, Алматы қаласы Паллиативтік көмек көрсету орталығының директоры:
– Қазір бұл мектепте ем қабылдап жатқан науқастардың туыстарын оқыта бастадық. Себебі жағдайы ауыр науқас стационардан үйіне шығарылған кезде, оның туыстары тұрмыстық және медициналық мәселелерге тап болады. Отбасы бұл қиындықтармен жалғыз қалмауы үшін осындай мектеп ашуды жөн көрдік.
Тегтер #паллиативтік күтім #Алматы #мектеп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz