RU
Толық нұсқаға өту

Су тасқыны. Қираған көпір... сен ар жақта, ауылым, мен бер жақта

29.03.2024, 15:18 632

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында су шайып кеткен жолдың арғы бетінде қалып қойған 60-тан астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.

Топтерек ауылынан 4 шақырым жердегі көпірді де су бұзып өткен. Құтқарушылар адамдарды қайықпен тасымалдап жатыр. Жергілікті билік арнайы техниканың көмегімен айналма жол салуға кірісті.

Шығыста қалың қар енді ери бастады. Күні бүгінге 400 арық пен 72 су өткізу арнасы қазылды. Таулы аймақтардағы құтқару шараларына әскери бөлім сарбаздары тартылды. Риддер мен Алтайда қардың қалыңдығы бір метрден асады.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

- Бір мезетте еріген қар суы көпір тіреуіштерін шайып кеткен. Соңғы екі күнде арғы бетте қалып қойған 60 шақты адам құтқарылды. Қазір қосымша өткелдер мен жол салуға күш жұмсап жатырмыз. Салалық құрылымдар қалыптасқан жағдайға тәуліктік мониторинг жүргізеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz