RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында 10 мың түп шырша көшеті егілді

26.04.2024, 07:58 702

Алматы облысындағы Жалағаш орман қорын молайту мақсатында екі гектар жерге 10 мың түп шырша көшеті егілді.

Экологиялық акцияға 200-ден астам адам қатысты. Олар өздеріне бекітілген аумаққа төрт жылдық шренк шыршаларын екті. Аталған шара өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырып дамытуға және табиғатқа қамқорлық жасауға бағытталған. Акцияға қатысушылар қылқанжапырақты ағаштарды дұрыс егу және күтіп-баптау бойынша практикалық дағдыға ие болды.

Ерсін Құралбек, оқушы:

- Біздің ауылымызға «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы келгеніне қуаныштымын. Біз бір тал болса да егіп, экологияға пайдамызды тигізіп жатырмыз. Бізге ата-бабаларымыз өзіміздің кең-байтақ жерімізді қалай мұра етіп қалдырса, біз де өзіміздің болашақ ұрпаққа солай аманат етіп беруіміз керекпіз. Себебі қазіргі таңда Қазақстанның 80 пайыз жері шөл және шөлейтті жер.

Қанат Нүсіпбаев, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Көлсай көлдеріне келген адамдардың барлығы осы плантациялар өсіп шыққан кезде осы ағаштардың арасында парк сияқты демалатын болады. Жалпы осы «Таза Қазақстан акциясының аясында облыс бойынша барлық аудан, ауыл орталықтарында, қалаларда 100 мыңнан аса ағаш көшеттері отырғызылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz