«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған шараға «AMANAT» партиясы ұйықты болды, деп хабарлайды 24KZ.
Белсенділер бұл жолы қаланы сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның аумағын тазартты. Көктемгі тасқыннан кейін шашылып жатқан күл-қоқысты шығарып, айналаны ретке келтірді. Әр апта сайын өтетін экологиялық шараға 30-дан аса адам қатысты. Олардың арасында мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының мүшелері мен жастар бар.
Сәлімхан Сәбитов, «AMANAT» партиясының мүшесі:
- «Таза Қазақстан» республикалық акциясы біркүндік акция емес деп өзіміздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан болатын. Сондықтан біз, «AMANAT» партиясының мүшелері, осындай акцияны әрқашанда қолдап, жастарды тартып, әрқашанда еліміздің және өзіміздің өңіріміздің таза экологиясына байланысты акцияға қатысып, басқаларын да шақырамыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz