Маңғыстаудың экологиясына зиян келтіргендер айыппұл арқалады, деп хабарлайды 24KZ.
Табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» компаниясының экологиялық заңнама талаптарын бұзғанын анықтады. Мекеме биылғы 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндірген. Прокурорлық қадағалау актісімен аталған компания әкімшілік жауапқа тартылып, 7,8 миллион теңге айыппұл салынды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz