RU
Толық нұсқаға өту

Елордада әскерилер сенбілікке қатысты

21.09.2024, 19:09 1293

Жалпықалалық сенбілікке Қарулы күштердің әскери қызметшілері де белсене қатысты.

Қорғаныс ведомствосының өкілдері елорда көшелері мен тұрғын үй алаптарында және Ильинка кентінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Артынша қоғамдық орындарда ағаштар пен бұталар отырғызылды. Бөлімшенің жеке құрамы нөсер кәрізін тазартты.

Қуаныш Әлібеков, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасының офицері:

-Бұл сенбілік барша қауымға қажет. Өйткені қаламызды таза ұстау керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, баршамыз осы шараға қатысып, шаһарымыз таза, жинақы болуына атсалысайық.

Бисен Жақыпов, Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бағыт аға офицері:

-Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада Қорғаныс министрлігінің офицерлері мен азаматтық персоналдары көшеге шығып, қала тазалығына өз үлестерін қосуда. Бұл акцияға жыл сайын бірнеше рет қала тұрғындарымен бірге Қорғаныс министрлігінің өкілдері шығып өз үлестерін қосуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz