RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауға мыңдаған қоқиқаз ұшып келді

12.11.2024, 20:52 1334

Ақтаудағы «Қаракөл» жасанды су қоймасына мыңдаған қоқиқаз ұшып келді.

Жергілікті тұрғын дронмен түсірген бейнетүсірілім әлеуметтік желіде көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қазақстанның қызыл кітабына енген  құстар әдеттегідей күз мезгілінде 1-2 аптаға аялдайды. Көлде тынығып, қоректеніп алған соң, Түрікменстан, Иранға қарай бағыт алады. Жалпы Маңғыстау аумағы арқылы жыл сайын құстардың 320-дан астам түрі ұшып өтеді. Соның ішінде аққу, қасқалдақ және үйректер осы Қаракөл көлінде уақытша тұрақтайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz