Алматы көшелерін Халк, Өрмекші адам, Бэтмен және Супермен жинастырып жүр, деп хабарлайды 24KZ. Аула сыпырушыларға көмекке келген кейіпкерлер қала тұрғындарын тазалыққа үндеді. Ұйымдастырушылар: «Экологиялық акция қоғамның табиғат алдындағы жауапкершілігін нығайтып, Алматыны баршаға жайлы қала етуге көмектеседі», – дейді.
Рустам Гадаев, супермен:
- Бұл мен үшін күшті тәжірибе болды. Бәрі ұнады. Мен аула сыпырушылардың жұмысын өте жоғары бағалаймын. Біз бүгін көшені жинадық, қоқысты тастауға көмектестік.
Тәтей Қыстаубаева, аула тазалаушы:
- Бүгін қалалық сенбілік болып жатыр еді. Ойламаған жерден қаһармандар келіп, біздерге көмектесіп, қолымызға ыстық шай беріп, таңғалып жатырмыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz