One Water Summit халықаралық саммиті аясында еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі, Францияның Даму агенттігі, сондай-ақ Геологиялық және тау-кен бюросы Балқаш көлін сақтау бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды, деп хабарлайды 24kz.
Құжат судың жай-күйін өлшеу мен талдау, климаттық және антропогендік әсерлерді модельдеу, сондай-ақ 2040 жылға дейін су балансын болжауды көздейді. Келісім аясында Балқаш көлінің су ресурстарын басқаруды дамытуға 1,35 млн еуро көлемінде грант бөлінеді. Сондай-ақ су айдынының ішкі суларын сақтау іс-шаралары қамтылады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz