RU
Толық нұсқаға өту

Таза Қазақстан: «Жасыл балабақша» бағыты іске қосылды

11.12.2024, 14:55 1688

Астанадағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Жасыл балабақша» бағыты іске қосылды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа бағыт – ауланы көгалдандыру мақсатында тал егіп қана қоймай, ең алдымен, балаларға экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Бастаманы алғаш болып номері 84-ші балабақша қолдаған. Мекеме аумағынан саябақтар ашылып, онда 70 түп қарағай, 21 аққайың және 21 алма ағашы отырғызылған. Сондай-ақ бүлдіршіндер, декаративтік орамжапырақ пен мульти-флора гүлінің өсірілу процесін зерттеді. Осылайша мамандар балаларды қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтауға тәрбиелеп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz