RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында «Ардагерлер» аллеясы қоқыстан тазартылды

10.01.2025, 21:36 1056

Жамбыл облысында белсенділер тарихи-мәдени орындарды қоқыстан тазартып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

«Amanat» партиясының мүшелері «Таза Қазақстан» акциясын жалғастыруда. Бұл жолы Аса ауылындағы «Ардагерлер» аллеясының қураған шөбін шауып, тұрмыстық қалдықтарды шығарды. Партиялықтар бұған дейін өзендер мен су арналарын тазалауды қолға алған еді. Экологиялық акция басталғалы «Amanat» партиясының 10 мыңнан астам мүшесі өз үлесін қосқан.

Талап Әбдібеков, «Amanat» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы:

- Қоғамда тазалық этикасын, тазалық тәрбиесін нығайту, осы бойынша жұмыстар жасау болатын. Былтыр жыл бойы біраз осындай демалыс орындарын, нысандарды тазалаумен атсалысып осындай жұмыстар атқардық.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz